фото: e-history.kz
Келер жылы Түркістан Түркі әлемінің туристік астанасы атануы мүмкін.
Қыркүйек айында Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің VIII отырысында киелі шаһарға осындай мәрте беруді қарастырылмақ. Бұл туралы облыстың туристік әлеуетін арттыруға арналған баспасөз жиынында айтылды.
Бұдан бөлек, мамандар Түркістанға ұшатын шетелдік әуе рейстерінің санын арттыру жоспарланып отыр. Қазан айынан бастап «Түркістан – Әбу-Даби», ал жыл соңына дейін «Түрістан-Самарқанд» бағыты бойынша рейс ашу жоспарланған.
Биыл өңірге туристердің көп келіп жатқаны байқалады. Былтыр 470 мыңнан астам турист тіркелген, биыл жыл басынан бері 100 мыңға жуық саяхатшы келген.
Келесі жылға Түркістанды туристік астана ретінде жариялау мақсатында біз жыл 12 ай бойы жүзеге асырылатын іс-шаралардың жоспарын алдын-ала қазірден бастап жариялайтын боламыз. Қазір анкетасын толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның аясында іс-шаралардың барлығы түркі тілдес елдердің туристік ұйымдарында жарнамаланатын болады. Соның аясында бізде сырттан келуші туристердің санын арттыру көзделіп отыр. Нұрдаулет Медеуов, облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы.
Дереккөз 24.kz. Фото e-history.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через