фото: https://sputnik.kz
Түркістан облысында тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті "Не работа" атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізуде.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз етті. Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Агенттік қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін ескертті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через