ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Султан Раевтың бастамасымен түркі әлемінің жазушылар одағы бірікті.
Бұл жайында Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі Бақытжан Омар Facebook парақшасында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгін Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түркменстанның жазушылар одағы төрағалары одақ құру жөніндегі келісімге қол қойған.
«Түркі әлемінде алғаш рет құрылып отырған одақтың төрағалығына Ұлықбек Оразбайұлының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды. Ағамыз бұл жұмысты қазіргі қызметімен қатар алып жүреді. Түркі дүниесінің жазушылары енді көптеген жобаларды бірге атқарады»,-деп жазады Бақытжан Омар.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через