Биыл 4 мыңнан астам қазақстандық ипотекасын өтей сала, жаңасын рәсімдеген. FCB аналитикс сараптау орталығының есебі осындай. Сәйкесінше, тұрғын үй нарығында 370 мыңға артық келісімшарт жасалған. Мамандардың пайымынша, бұған зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану әсер еткен. 2021 жылдың ақпан-тамыз айларында Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан жеке тұлғалардың шотына 1,76 трлн теңге аударылған. Соның 70% үй сатып алуға, 10% ипотека алуға жұмсалыпты. Нарыққа түскен зейнетақы жинағындағы ақша несие беру ұйымдарының рөлін төмендеткені байқалады. Мәселен, былтыр ипотека көмегімен барлық келісімнің 35,9% рәсімделсе, биыл қаңтар-тамыз айларында олардың көлемі 26,3% дейін қысқарған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через