фото: https://pixabay.com/ru/
Дұрыс ұйықтау мен дұрыс тамақтану – ұзақ өмір сүрудің кілті. Дұрыс тамақтануға жеміс-жидек пен көкөністі көбірек жеу жатса, физикалық белсенділікке үнемі қозғалу, қимылдап жүру жатады. Осылардың ішінде адам денсаулығына әсер етер, өмір сүруін ұзартар нәрсенің бірі – ұйқы.
Адамның өзін жақсы сезінуі үшін тәулігіне кем дегенде жеті жарым сағат ұйықтауы керек. Ұйқының аздығы күйзеліс, сусамыр (қант диабеті), жүрек-қантамыр аурулары мен жазатайым оқиғалардың тууына себеп болады. Лидс Университетінің психологтары 18 бен 80 жас аралығындағы 1024 британдық азаматтың арасында сұрау жүргізіп, жаңа тұжырым жасады, деп хабарлайды «Қамшы» порталы The Daily Mail-ға сілтеме жасап.
30 бен 50 жас аралығындағы респонденттердің 25 пайызға жуығы дұрыс тынықпаған. Олардың бір жылда 15 күнге жуық ұйықтамағаны анықталды. Осыдан кейін қатысушылардың 42 пайызы жұмысқа байланысты күйзеліске ұшырағанын айтып, шағымданды. 30 пайызы жұмыстың кесірінен ұйқы қанбайтынын айтты.
Сұралғандардың 5 пайызы ғана небәрі 5 сағат ұйықтауды алдын ала жоспарлаған екен. Респонденттерден алдағы түн қалай өткені туралы сұрағанда, олардың 25 пайызы 5 сағаттан кем ұйықтағандарын айтты.
Айта кетейік, Калифорния университетінің зерттеушілері таяуда тәулігіне 8 сағат ұйықтау қажет деген тұжырымды жоққа шығарған. Олардың айтуынша, іс жүзінде, небәрі 6-7 сағат ұйықтау да жеткілікті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через