фото: pixabay.com
Қолданыстағы күнтізбе бойынша биылғы 2024 жыл кібісе боп есептеледі. Бұл — осы жылдағы тәулік саны жылдағыдан бір күнге артық деген сөз. Төрт жылда айналып келетін артық күнді қыс пен көктемнің түйісер тұсы — ақпанның соңына кіргізіп қойған. Яғни әрбір төртінші жыл 366 күнді дөңгелектейді. Сөйтіп, Кібісе жылының қарапайым жылдан бір күн артықшылығы бар.
Уикипедиядағы мәліметке назар салсақ, Кібісе жылының пайда болуы ежелгі Мысырдан бастау алған. Осы елдің ғалымы Сотис сонау жылдардың өзінде ең жарық жұлдыз — «Сүмбілені» біраз зерттеген. Оның таңертеңгілік оңтүстік көкжиектен көрінетінін аңғарғаннан бастап, әр жылдың 365 күннен тұратынын анықтаған. Осылай, жұлдыздардың жай-күйін терең зерттеген мысырлық ғалымдар күндерді жаңылмай санай отырып, халыққа Сүмбіленің туатын мезгілін дер кезінде ескертіп жүрді. Қазіргі қолданыстағы күнтізбе осындай санақтың нәтижесінде пайда болды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тәуелсіздік жылдарында (1992 жылдан бастап) 29 ақпанда 5110 адам дүниеге келген. Олардың 2707-cі — ер адам, 2403-і — әйел адам. Кібісе жылдарының арасында әзірге 2016 жыл көш бастап тұр. Бұл жылы 29 ақпанда 438 ер бала, 432 қыз бала өмірге келіпті.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через