Токиода өткен паралимпиада жүлдегерлері елге оралды

Токиода өткен паралимпиада жүлдегерлері елге оралды

                  Алматы халықаралық әуежайына келген рейсті спортшылардың жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды. Токиодағы паралимпиада ойындарына қатысқан пара дзюдошыларымыз үш күміс медаль ұтып алған еді. Айта кетсек, 60 келіге дейінгі салмақтағы спортшымыз Әнуар Сариев және 70 келіде күрескен Зарина Байбатина екінші орын иеленді. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен Дәулет Теміржан да күмісті қанжығалады. Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаған демеушілер әрқайсысына миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Ал мемлекет тарапынан берілетін басты сыйақы 150 мың доллар болады.

                 Пара дзюдодан Токиоға 6 спортшы барған болатын. Әнуар Сариев, Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері: - Мақсатым алтын алу болды, өзім кішкене мүмкіндіктен айырылып қалдым. Келесі жолы алтын алуға, қателерімді қайталамауға тырысамын. Алла қаласа Парижде өтетін Олимпиадада өзіміздің қазағымыздың туын көтергім келеді.
 www.khabar.kz