Тойып тамақтансаңыз тоңбайсыз

Тойып тамақтансаңыз тоңбайсыз

Ел тұрғындары суықтан қорғанудың түрлі тәсілін қолданып жатыр. Біреулер моншада жылынса, екіншілері тамақты тойып жеу керек дейді. Ал аязға шыныққандарға бұл суық нағыз жаттығатын кезең сыңайлы.

Жұрт аязда қатып қалмаудың қандай қамын жасап жатыр?

 Солтүстікте ауа температурасы минус 33 градусқа дейін төмендеді. Ақмола облысы  Бурабай ауылының тұрғыны Влад Яковлевтің ағзасы табиғатынан суыққа төзімсіз. Сондықтан әкесі бала күнінен шыңдапты. Қазір ол қақаған қыста үстіне мұздай су құюды әдетке айналдырған. Ол үшін суды алдымен аязға шығарып, сәл-пәл қатырып алады. Оған шомылмас бұрын қарда жалаң аяқ жүру маңызды екен. Ең бастысы –  дұрыс тыныс алу керек.

 Суық және тоңу жағдайы ағзаның температура өзгерісіне деген әсері. Тиісінше, тоңа бастағанда біз бар назарымызды осы жағдайға аударамыз. Егер оған аса мән бермей, дұрыс тыныс алып, сәлпәл cуықтан ештеңе бола қоймайтынын түсінсек.  тоңбаймыз.Влад Яковлев

Қарағандыдағы моншаларда қарбалас. Ыстық парға кіргендер шығуға асықпайды. Өйткені адам денесі ыстық жерде рахаттанады. Бірақ мамандар мұндай кеңесті бәріне бере алмайды. Өйткені жүрегі әлсіздерге ыстықта көп отыруға болмайды. Ал жалпы суық күндері моншаға түсудің пайдасы орасан дейді.

Суық күндері жұрт ешқайда шықпай үйде отырады деп ойлаймыз ғой. Жоқ. Керісінше, моншаға келетіндер саны артады. Аязға, боранға қарамайды. Жылынып, шомылып, уақытын жақсы өткізеді. Біреуі қатты ыстықты жақсы көреді. Түрлі май жағып, денесін жапырақ шоғымен сабалап, аязда иммунитетін күшейтеді. Анастасия Пунда, монша кешенінің әкімшісі.

Аязды күні тойып тамақ ішкендер де тоңбайды екен. Әсіресе тағамның құрамында майлы өнім көп болуға тиіс дейді мамандар.

 Жылы киініп, жылы ғимаратта жүреміз. Егер далада қалсақ тойып тамақтану керек. Ағза өзін өзі жылытқанда көп калорий жұмсайды. Бірақ барлық жағдай жасалған заманда бұлай жасау артықтау. Суықты сылтау қылып, рационға көп калорий қосуға болмайды.  Лилия Базуряк, фитнес бапкер.

Аязды күнді өткізу үшін береулер моншаға тығылып, тамақты тоя жеп жүрсе, оның ең оңай жолын тапқандар да бар – жылы киіну. Ең бастысы, суықтан қорғану үшін жылы жерден шықпаңыз.

Фото: fotostrana.rutwicopy.com