Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 25-30 сәуір аралығында театрымыздың режиссері, кино актер «Әлкей. Ғұлама ғұмыр», «Менің күнәлі періштем», «Елбасы жолы» фильмдерінің басты кейіпкерлерін сомдаған ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, режиссер – Мұрат Ахмановтың шығармашылық апталығы өтеді.
25 сәуір күні 16:30-да «Мұрат Ахманов режиссурасы – дәстүр мен жаңашылдық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық (оффлайн) конференциясы, «Мұрат Ахманов» шығармашылық кітабының ТҰСАУКЕСЕРІ және «Тойы көп үй» спектаклінің премьерасы жайлы БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді.
Баспасөз конференциясына жаңа қойылымның режиссері Мұрат Ахманов, театрымыздың артисі Хазима Нұғманова, театрдың көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали, театр сыншылары Аманкелді Мұқан, Бақыт Нұрпейіс қатысады.
Апталық аясында М.Ахманов режиссерлігімен сахналанған 6 спектакль көрермен назарына ұсынылады. 30 сәуір күні театр репертуарында 10 жылдан аса жүріп келе жатқан «Келіндер көтерілісі» спектаклімен апталық аяқталады. Төл өнерге ғұмырын арнаған шығармашылық иесінің өнегелі жолын дәріптеу, жас буынды көркем өнерге баулу жолындағы жұмыстары мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесін кеңінен айту парызымыз деп білеміз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через