фото: https://sputnik.kz
"TOEFL, IELTS-қа ұқсас": Қазақстандағы ҰБТ форматы өзгертіледі
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматын IELTS және TOEFL форматтарына ұқсастырып өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, елімізде ҰБТ форматы мен оның мазмұны қайта қаралады. Тест тек дұрыс және дұрыс емес жауаптар беріп қана қоймайды, сонымен қатар функционалды сауаттылықты, дайындық деңгейін және оқушының әлсіз тұстарын тексереді.
Министр бұл жұмыс келесі жылы аяқталатынын атап өтті. Талапкерлер заңсыз әдістерді пайдаланбауы үшін түбегейлі жаңа әдістемелік сұрақтар дайындалды.
“Өткен жылдан бастап ҰБТ-ны тапсыру форматы қайта қаралуда. Енді талапкерлер уақыты мен орнын өздері анықтайды, екі рет тапсыра алады. Болашақта ҰБТ TOEFL және IELTS сертификаты сияқты ыңғайлы уақытта ыңғайлы жерге келіп тапсырып, білім деңгейін растайтын сертификат ұсынатын форматқа көшеді. Бұл кезде жүйені алдаудың да қажеті болмайды, абитуриент дайын уақытта келіп тапсырады", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Атап өтейік, IELTS мен TOEFL – ағылшын тілі деңгейін бағалаудың халықаралық жүйесі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через