Теңге не үшін әлсіреп жатыр? Ұлттық банк

Теңге не үшін әлсіреп жатыр? Ұлттық банк

Теңге бағамының әлсіреуі қалыпты жағдай. Ұлттық банк отандық валюта құнының төмендеуіне қатысты осындай пікір білдірді. Шетелдік валюталардың өткен айдан бері бір арзандап, қайта көтерілуіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етті дейді мамандар.

Ең алдымен жаһандық нарықта доллар құны бұрынғыдан да түскен. Дивидент төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы да ішкі нарықта доллар бағасының беки түсуіне себеп болыпты. Теңгені ұзақ мерзімде қалыпты ұстап тұрудың бір ғана амалы бар дейді Ұлттық банк басшылығы.

Алтын валюта резервтерін жұмсау. Бірақ бұл қадам кейін ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келуі мүмкін. Ұлттық банк басшылары елдегі банктерде жиналып қалған Ресей рубліне қатысты да пікір білдірді. Енді оның көлемін азайту үшін шекарадан қолма қол көбірек алып өтуге рұқсат берілмек.

Мұндай мүмкіндік азаматтарда 31 тамызға дейін болады.

Негізі шетел валютасын шекара асыруға шектеу бар. Ұлттық банктегілер мұндай бір реттік шаралардың да мәселені шешпейтінін мойындап отыр. Сондықтан, екі ел арасындағы сауда-саттық көлемін, жалпы алыс-беріске кешенді зерттеу жүргізіп, шешімді содан кейін қабылдамақ. 


фото: kzvesti.kz