Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 449,63 теңге болды..
Дүйсенбіде сауда-саттыққа қатысушылар жалпы сомасы 110,6 миллион долларға 354 мәміле жасады.
Осылайша демалыс күндері доллар 3,59 теңгеге қымбаттады. 2022 жылдың 8 сәуірінде доллардың орташа сараланған бағамы 446,04 теңге деңгейінде тұрақтады.
Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері долларды орта есеппен 450-454 теңгеден сатып алып, 456-458 теңгеден сатып жатыр.
Рубль бағамына келсек, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар жалпы сомасы 1,4 миллиард рубль болатын 55 мәміле жасады. Рубльдің орташа сараланған бағамы 5,72 теңге болды.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың наурызында теңге бағамын тұрақтандыру мақсатында Ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін кеңейтті: 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде доллар үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге дейін, еуро үшін –7 теңгеден 20 теңгеге дейін.
Сондай-ақ Қазақстаннан 10 000 доллар эквивалентінен асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге шектеу енгізілді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через