Теңге бағамы, мұнай бағасы. Нарық өкілдерінің болжамы қандай?

Теңге бағамы, мұнай бағасы. Нарық өкілдерінің болжамы қандай?
фото: https://kursiv.kz

Биыл теңге біршама құнсызданып, доллар бағамы 477 теңге болуы мүмкін. Ал мұнай баррелі бағасы 83,1 долларды құрауы ықтимал. Ұлттық Банк жариялаған макроэкономикалық пікіртерімде нарық қатысушылары осындай болжам жасаған.

Пікіртерімге Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын ұйымдар қатысады.

Ақпан айындағы пікіртерімде:

AERC Halyk Finance Jusan Invest NAC Analytica Азия Даму Банкі АКРА Еуразиялық даму банкі Еуразиялық экономикалық комиссия Ренессанс Капитал Сентрас Секьюритиз Фридом Финанс Экономикалық зерттеулер институты мамандары өз пікірін айтқан.

Макроэкономикалық пікіртерімде Ұлттық Банктің болжамы қамтылмайды. Онда кәсіби нарық өкілдерінің нарық ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайдың келешек дамуына қатысты тәуелсіз пікірі, бағасы мен болжамы берілген...

Қазақпарат