Темекіден бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгеріс болады

Темекіден бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгеріс болады

Зиянды әдеттен бас тартқаннан кейін ағзадағы өзгеріс бірден басталады

Темекі шегу – аса зиянды әдет. Ол жүрек-қантамыр, өкпе, эндокриндік және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін айтарлықтай арттырады. Соған қарамастан, темекі өнімдерінің саудасы әлемнің барлық дерлік елінде рұқсат етілген.

Темекі шегетіндердің көбі бұл әдеттің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсінгенімен, одан тез әрі оңай бас тарта алмайды. Дегенмен, темекіні тастағаннан кейін адам ағзасында қандай өзгеріс болатынын түсіну бұл әдеттен арылуға шешім қабылдауға көмектеседі.

Адам ағзасы - қалпына келе алатын бірегей механизм. Егер адам психологиялық тосқауылдан өтіп, темекі шегуден бас тартуға шешім қабылдаса, ағзада бірден мынадай өзгерістер басталады:

20 минут ішінде жүрек соғу жиілігі мен қан қысымы төмендейді;

12 сағатта қандағы улы газдың мөлшері қалыпты деңгейге дейін төмендейді;

2-12 апта ішінде қан айналымы және өкпенің жұмысы жақсарады.

Сонымен бірге осы уақытта адамның көңіл-күйі көтеріледі, ұйқы бұзылуы азаяды, денеде қуат пайда болады. 1-9 айда ентігу және жөтел азаяды. Бұл тыныс алу органдарының жұмысында ақауы (демікпе) бар адамдар үшін өте маңызды.

Бір жыл ішінде жүректің ишемиялық ауруының пайда болу қаупі 2 есе төмендейді (темекі шегетіндермен салыстырғанда), ал 15 жылдан кейін инсульт қаупі мұндай зиянды әдеті жоқ адамдікімен тең деңгейге дейін азаяды.

Sputnik.kz