Тазалық па, әлде көзбояушылық па?

Тазалық па, әлде көзбояушылық па?

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда сүйікті қаламыз- Алматы жержүзі бойынша ең лас 25 қаланың тізіміне еніп отыр. 

Мұндай мәліметті articlekz.com сайты жариялады. 

2 миллион халқы бар Алматы ауасы бұлайша ластанып жатқанда, 20 миллион халқы бар ірі қалалар қандай күй кешіп жатыр деген орынды сұрақ тауындайды.  Жоқ, ластану көрсеткіші жағынан қаламыз 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико, 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, 10-15 миллионның аралығында халқы бар Нью-Йорк, Лондон, Ыстамбұл, Токио мен Мәскеу сияқты қалалардың алдында тұр. Олардың қасында аядай Алматының экологиясын жақсарта алмай жүргеніміз ұят. Бірақ осы бағытта көптеген жұмыс істеліп жатыр. Бір ғана мысал ретінде жақында Алматы қаласында өткен жалпықалалық сенбілкті айта кетсек болады.

Бұл шараға Standard.kz порталының тілшілері де қатысып, қалалықтардың және жауапты мекеме қызметкерлерінің шаһар тазалығына қатысты пікірлерін естіп қайтқан еді.

Фото novyefoto.ru.