Тәттінің құрамында көмірсу мен қант мөлшері тым көп

Тәттінің құрамында көмірсу мен қант мөлшері тым көп
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@budgeron-bach/

        Тәтті кәмпиттер мен түрлі шоколадтар адам ағзасына зиян.

Халықаралық нутрицологтар тәттінің ересектің де, баланың да жас организміне зиян екенін айтып, дабыл қағуда.

Тәттінің құрамында көмірсулар мен қант мөлшері тым көп. Сондықтар жас организм мұндай дәмге әуес болмауы тиіс.

Шоколадтар, кәмпиттер, тәтті кондитерлік өнімдер құрамындағы заттар инсулиннің тез, бірақ қысқа уақытқа қуат беруіне себеп болады.

Қарапайым батон шоколадты жеген кезде адам ағзасында энегрия пайда болып, күштің жоғарылауын сезінеді. Дегенмен бұл процесс ұзаққа созылмайды. Тәттіні жеген соң қатты шаршау, ашуланшақтық, әлсіздік, аштық сезімі біліне бастайды.

Тәттіні көп жеу де бірнеше ауру түрлеріне әкеліп соғады. Ең әуелі - кариестің бұзылуы немесе тістің әлсіреуі. Қант ауыз қуысында көптеген бактериялардың пайда болуына жол береді.

Кәмпиттерден соң ас қорыту жүйесінде де жиі проблемалар кездеседі. Тәттіден соң ойлау процестері мен есте сақтау төмендейді. Балаларда зейіннің нашарлауы және мазасыздық болуы мүмкін.

Тәттілерді көп мөлшерде пайдалану II типті қант диабеті, гипертония, тамырлы атеросклероз және басқа аурулардың даму қаупін бірнеше есе арттырады.

Ақ халаттылар тәтті батондар мен кәмпиттерді кептірілген жемістер және түрлі витаминдермен ауыстыруға кеңес береді.

Bugin.kz