Жақында Астанада "Қазақстанның үздік тауарлары" республикалық көрме-жәрмеңкесі өтті. Оған әр өңірде ұйымдастырылған байқаудан озып шыққан үздік тауар өндірушілері қатысты,
Бұл шараның басты мақсаты:
-жеке және заңды тұлғалардың отандық өнім сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;
-Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
-отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
-сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
-халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту.
Осы көрмеге Атбасар қаласынан «ИП Айекешов» сауда белгісімен «Sladkiy mir» кондитерлік орталығы қатысты. Осы өңірге жақсы танымал орталық тұтынушыларға талай жылдан бері тәтті тағамдар ұсынып келеді.
Нан және нан өнімдері адам өмірінде маңызды рөл атқаратыны белгілі. Нан өнімдері тағам рационында ең маңызды орын алатынын да білеміз. Сондықтан болар тәттілер, томпақ тоқаштар, иісі мұрын жаратын нандар қойылған павильона келушілер көп болды.
Елордада өткен көрмені «Standard.kz» ақпарат-сараптама порталының тілшілері де көріп қайтты.
Фото: edemgrad.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через