фото: pixabay.com
Ташкент облысы Шыршық қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы ашылады.
Осыған байланысты Министрлер кабинетінің тиісті қаулысының жобасы жарияланды.
Оған сәйкес, филиал қызметінің негізгі бағыттары экономика салалары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау, білім, ғылым және өндірістің үздіксіздігі мен жүйелілігі, сондай-ақ әлемнің беделді білім және ғылым орталықтарымен интеграциялану қағидаттары негізінде мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жаңғырту жоспарланған.
Университет филиалы кадрларға деген қажеттілікті, оның ішінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды ескере отырып, бакалавриат білім беру бағыттары мен магистратура мамандықтары бойынша барлық деңгейдегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.
Шешім жобасында Университет заңды тұлға мәртебесі бар құрылымдық бөлімше болып табылады, абитуриенттерді қабылдау және филиал түлектерін аттестаттаудан өткізу белгіленген талаптарға, тәртіптерге және мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады және Университеттің дипломы Өзбекстан мен Қазақстанда жоғары білім туралы құжат ретінде танылуы көзделген.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через