Ташкентте бешбармақ мейрамханасы ашылуы мүмкін

Ташкентте бешбармақ мейрамханасы ашылуы мүмкін

Ташкентте қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейтін мейрамхана бар. Иесі – жергілікті кәсіпкер. Ол бизнесін 4 жыл бұрын бастаған.

 "Хабар 24" телеарнасының хабарына қарағанда, мейрамханаға елдің түкпір-түкпірінен арнайы, дәм татуға келетіндер көп. Күніне 500-600 келі ет асылады. Қазы-қарта, жал-жаясымен табақ тартылады.

"Мұнда жиі келіп тұрамын. Блогер болғандықтан түрлі елдің асханасынан дәм татқым келеді. Қазақтың ұлттық тағамдары ерекше әсер қалдырды. Оның құрамында адамның ағзасына қажетті барлық элемент барын енді білдім".Абудхожа Мұсахожаев, блогер

Мейрамхана иесі –  жергілікті қандасымыз Әбдірасул Тастанов. Ұлттық тағамды өз әдісімен әзірлейді. Дегенмен басты ингредиент – ет. Тағамның дәмін келтіретін де – сол. Сондықтан оны кез келген жерден алмайды. Қыста тек қолда бапталған жылқы етін пайдаланады. Күніне 500-600 келі ет мейрамхана қазанында қайнайды. 

"Бұл отаудың ұзындығы – 20 метр, ені 6 метр. 100 кісілік. Үлкен банкеттер өткіземіз. Жоспарым – Ташкентте Мехнат ауылында бешбармақ мейрамханасын ашу, қазақтың ұлттық тағамын Өзбекстан елінде таныту".Әбдірасул Тастанов, кәсіпкер

Әбдірасул кәсібін Қазақстанда жалғастырғысы келеді. Оған әріптес достары астанадан да мейрамхана ашуды ұсынған. 

Фото: restolife.kz