фото: zeleneet.com
Еңбектің наны тәтті.
Қызылорда облысындағы экобалабақша бүлдіршіндері бір маусымда 4 рет өнім алған. Кішкентай бағбандар енді құлпынай өсіруді жоспарлайды. Өсімдіктерді күтіп-баптауды 2 жастан үйрететін бөбекжай электр энергиясын да күн көзінен өндіреді. Аймақтағы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне үлгі болған балабақшаның тәрбиеленушілері республикалық «Мен зерттеушімін» байқауында да топ жарды.
Бұнда балалар өз ауласы ғана емес бүкіл әлемді қоқыстан тазартқысы келеді. Себебі балабақша тәрбиешілері қоршаған ортаны ластамау керектігін жас өскін бойына әбден сіңіріп қойған. «Жасыл балабақша» тек ауланы көгалдандырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру емес – бұл ең алдымен балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру. Сондықтан мұнда балғындарға алдымен Жер-ананы аялау, табиғатты сүю үйретіледі.
280 орындық балабақшаның 12 тобы арам шөп жұлу және топырақ өңдеумен қатар, спорттық сайыстарда белсенді әрі бір-бірімен бәсекелес. Балғындар сондай-ақ үнемі қоқыс жинап жарысады. Қалдықтарды барынша кәдеге жаратуға тырысып, түрлі бұйымдар жасайды.
Жасыл балабақшада жуырда ғана метео алаң ашылды. Балақайлар бұлттың құрамын, жел бағыттары мен жауын-шашын мөлшерін анықтауды үйренуге кірісіп кетті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через