фото: https://pixabay.com/ru/
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемаларының өзектілігі жыл сайын артып келеді, өйткені азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың денсаулығын және гендік қорды сақтауды айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі биологиялық объектілерді, қауіпті химиялық қосылыстарды, радионуклидтер мен зиянды өсімдік қоспаларын қамтитын гигиеналық нормативтер бойынша бағаланады. Олардың тамақ өнімдерінде болуы зерттелетін өнімнің көрсетілген көлемінде рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығының көрсеткіштері санитариялық қағидалар, ГОСТ және басқа да өнімдердің нақты түрлеріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттармен белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. Бұл ретте тамақ өнімдерінің қауіпсіздік және тамақ құндылығы талаптарына сәйкестігін өндірістік бақылауды дайындаушы кәсіпорындар жүзеге асыруы тиіс.
Қазақстан Республикасында халықаралық және отандық тәжірибені ескере отырып, экология, тамақтану, медициналық-биологиялық талаптар мен санитариялық сапа нормалары азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін ҚР «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес ұсынылады.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Анел Беркінбайқызы Мұсаева.
Жанар