фото: sputnik.kz
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Антикор.
"Ол білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағы қызметкерлерден 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Пара берген адамдар – бюджет ақшасын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар және сот санкциясымен қамауда отыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығарады.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салсақ, Талдықорған қалалық білім бөлімінің бухгалтері 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Бас есепшімен бірге оның орынбасары және бірнеше қызметкер қамауға алынды. Олар бірнеше жылдан бері білім саласында жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып жүрген.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через