Биыл үш айда 98,1 мың отбасындағы 503,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Сондай-ақ АӘК барлық өңірде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.
Биыл 1 тоқсанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 124,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтық тағайындалды.
АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz арқылы беруге болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через