фото: ашық көздерден
Қазақстанның төрағалығы аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымында Экология жылы басталды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы el.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
СІМ мәліметінше, былтыр шілде айында мүше мемлекеттер Қазақстанның 2024 жылды ұйымдағы Экология жылы деп жариялау бастамасын бірауыздан қолдады. 2023 жылдың қазан айында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары кеңесінде әзірленген Іс-шаралар жоспары бекітілді.
Атап айтқанда, ұйымдағы Экология жылы Қазақстанның ұсынысымен оқу орындарында тақырыптық іс-шаралармен, сондай-ақ Ұйым Хатшылығы өткізетін жекелеген іс-шаралардан басталады.
Жоба аясында экологиялық ұйымдар Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне, Дүниежүзілік су күніне, Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне және Дүниежүзілік орман күніне арналған іс-шараларды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптарға арналған 20-ға жуық бірлескен іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр, - делінген мәліметте.
Біз Қазақстанның төрағалығымен басталған іс-шараларды ұйымның БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі елеулі үлесі деп санаймыз. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау ісінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының практикалық шараларын қабылдауды одан әрі ілгерілетеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через