Республикада өндірілмейтін немесе аз көлемде өндірілетін азық-түлік тауарларын сыртқы нарықтарда сатып алу тетігі енгізілмейді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.
«Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі 80 және одан да көп пайызды құрайды. Бұл ретте, елде өндірілмейтін азық-түлік тауарлары көбінесе азық-түлік тауарларын өндіруге арналған шикізат болып табылатын өнімдермен ұсынылады», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында. Оның атап өтуінше, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан экзотикалық жемістер (ананас, банан, апельсин, мандарин, кокос және т.б.), балықтың мұхиттық түрлері және теңіз өнімдері сияқты өнім түрлерін импорттауға мәжбүр. «Жоғарыда аталған тауарлар бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарлары болып табылмайды және оларды сатып алу мен өткізу сұраныс пен ұсыныс теңгерімі негізінде нарықпен реттеледі. Ол белгілі бір тетікті енгізуді қажет етпейді», - деді Әлихан Смайылов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через