Шымкентте неке сарайы бұзылып жатыр

Шымкентте неке сарайы бұзылып жатыр
фото: mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі сәулетті ғимараттың бірі – неке сарайы бұзылып жатыр. Жастар электронды түрде некеге тұру мүмкіндігіне ие болғандықтан, мекемеге деген сұраныс азайып кеткен. Ал, мамандардың сөзіне сүйенсек, инвесторлар бұл ғимаратты қайта жаңғыртудан өткізіп, қонақүй етпек.

«Бұл – «Береке-А» корпорациясына тиесілі ғимарат. Оны жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен салған. Мемлекеттен бұл нысанды күтіп ұстауға қаражат бөлінген жоқ. Енді кәсіпкер неке сарайының орнына қонақүй салуды жоспарлап отыр. Себебі, қазір қалада қонақүйге деген сұраныс артқан», - дейді Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары Нұрбол Жүнісбеков.

Ғимараттың шатыры толығымен бұзылды. Қазір қабырғаларын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақпарат