фото: sputnik.kz
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 7 шілдеде болған.
"Күршім ауданы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдары арасындағы автожолда күкірт қышқылын тиеген жүк көлігі аударылды. Бұл факт бойынша тергеу басталды. Жиналған материал құқықтық бағалау және тиісті шешім қабылдау үшін экология департаментіне жіберілді", - дейді ведомство.
Көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через