Швейцария банктерінде басшылық қызмет атқарған қазақ
Атахан Тосун – Түркияда дүниеге келгенімен, Швейцарияда өсіп-өнген қазақ. Қаржыгер мамандығын игерген ол он жыл бойы Швейцарияның беделді банктерінде жұмыс істеп, басшылық қызмет атқарған. Бірақ 2015 жылы атажұрты – Қазақстанға саяхаттап келген соң, туризм ісін дамытуды қолға алып, INDY GUIDE халықаралық платформасын құрастырып шығарған. Орта Азия елдеріне саяхат жасайтын туристерге қызмет түрлерін ұсынатын бұл плафторманың аз уақыт ішінде қолданушылар саны арта түсті. Алдағы уақытта Швейцариядан кем түспейтін Қазақстан табиғатын әлем туристеріне танытқысы келеді.
black and red kyobi arts cool presentation 1– 2016 жылдан бері Қазақстан туризмін дамытуға үлес қосып жүр. Оның құрған INDY GUIDE халықаралық платформасы көп жерде швейцариялық компанияның өнімі деп жазылып жүргендіктен, елдегілер бұл істі еуропалықтар жүргізеді деп ойлайды.
Атахан Тосун Швейцарияның Цюрих қаласында тұратын қазақ. Ол Цюрихтегі Швейцария Федералды технологиялық институтын (ETH Zurich), сосын Цюрих университетін қаржы ісі мамандығы бойынша тәмамдады. Сосын Швейцарияның UBS, Credit Suisse, Цюрих Кантонал банкі секілді ірі банктерінде он жылдан астам уақыт бойы түрлі лауазымда жұмыс істеп, соның ішінде басшылық қызмет атқарды. Қазір ата-анам бауырымен бірге Ыстанбұл қаласында тұрады.
black and red kyobi arts cool presentation 2– Қазақстанға алғаш рет сол 2015 жылы келгеннен кейін INDY GUIDE халықаралық платформасын құру ісін қолға алған. Қазақстанға бір келгеннен-ақ, Швейцарияда банктегі басшылық қызметін тастап, ел туризмін дамытуға бел шеше кіріскен.
Қазақстан туризмінің әлеуеті орасан, сөйте тұра өткір қажеттілік, біраз олқылық бар екенін байқаған соң, жолдасыма «осы саланы дамытуды тырысып көрелік» дедім. Тағы бір айта кетерлігі, Швейцариядағы достарымыз елде түсірген суреттер мен видеоларды көргенде «Қазақстанның осыншалық әдемі екенін білмеппіз. Біз де бір күні барғымыз келеді» деп таңғалысын жасырмады. Ал Қазақстанда жүргенде жолай бізге қызмет көрсеткен адамдар «Сендер жіберген қонақтарды қуана-қуана күтіп алуға дайынбыз» деп ағынан жарылды. Сөйтіп, барлығы келісіп тұрған соң, жергілікті провайдерлер мен саяхатшыларды байланыстыратын платформа құрып, сайт әзірледік. Қазақстаннан кейін Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия елдеріне саяхат жасадық. Сол сапар барысында бірлесіп жұмыс істегісі келетін көп адамды кездестірдік. Ойлана келе платформаны кеңейтіп, Орта Азия елдеріне саяхат жасағысы келетіндерге қызмет ұсынуды ұйғардық. Аз уақыт ішінде ісіміз алға басып, біз құрған INDY GUIDE сенімді платформаға айналды,-дейді ол.
Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді ірі қалалардан ары ассаң шет тілін білетін гид табу қиын. Туризмді дамытқымыз келсе, шетелдіктердің жыл сайын ағылып келгенін қаласақ, Қазақстанның барлық аймағында туризм ісіне ағылшынтілді гидтерді жұмылдыруымыз қажет.
Қазақстанда әлем тамсанатын Швейцарияның табиғатынан асып түсетін табиғат бар. Осыны әлемге көрсеткім келеді. Алдағы уақытта «Қазақстан қайда орналасқан немесе Қазақстан қандай туристік орындармен танымал?» деген туристердің сұрақтарына түсініктеме беріп жатпайтын уақыт келетініне сенімім мол. Қазір біз әлеуметтік желіде Қазақстан туралы көп контент салып, әлем туристерінің қызығушылығын тудырып жатырмыз. Тиісінше, нәтижесі де көп күттірмеді. Елге барамын деушілердің саны артты. Сол себепті Қазақстан туризмінің дамуына елеулі үлес қосып отырмыз дейд қандасымыз.
Әлия Тілеужанқызының сұхбатынан үзінді
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через