WhatsApp

Шварценеггер адамзатты ет жеуден бас тартуға шақырды

Шварценеггер адамзатты  ет  жеуден  бас  тартуға  шақырды

Шварценеггер адамзатты  ет  жеуден  бас  тартуға  шақырды

Арнольд Шварценеггер адамзатқа ет  жеуден  бас тарту атмосфераға көміртегі  шығарындыларын  азайтуға  көмектеседі  дейді.

Терминатор рөлін орындаушы, Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер адамзатты атмосфераға көміртегі шығарындыларын азайту үшін бір өнімді тұтынуды азайтуға шақырды. Оның пікірінше, ол  өнім-ет.

Шварценеггер соңғы бірнеше жыл ішінде көкөністер мен өсімдік тағамдарын тұтынуды көбейту арқылы диетадағы ет көлемін төрттен үшке қысқартқанын айтты. Мұндай тамақтану экологияға ғана емес, адам денсаулығына да оң әсер етеді.

Сондай-ақ, актер адамдарды өздері тұратын жерде өндірілген немесе өсірілген өнімдерді көбірек сатып алуға шақырды, өйткені теңіз кемелері тауарларды жеткізгенде тауар көп  зиянды шығарындыларды бойына сіңіріп алады.

 "Жергілікті өнімдерді сатып алыңыз. Шетелден бірдеңе тапсырыс беру арқылы сіз қоршаған ортаға зиян тигізесіз. Бұл сіз жасай алатын ең жаман нәрсе", — деді Шварценеггер.