фото: https://sputnik.kz
Сүйекке зиян үш сусын
Көкөністерде организмдегі кальцийді сақтауға көмектесетін көптеген диеталық талшықтар бар
Диетолог, медицина ғылымдарының докторы Маргарита Королева сүйекке зиян сусындарды атады.
Маманның айтуынша, диетада сүт көп болуы сүйектерге кері әсерін тигізеді. Сүт құрамындағы қышқыл компоненттер организмнен пайдалы заттарды шайып тастайды. Сондықтан олар көкөніспен бірдей болуы керек.
"Қышқыл өнімдерді мөлшерден тыс тұтыну ацидозға - организмнің РН-ортасының өзгеруіне әкеледі. Сүйек массасынан пайдалы сілтені алып, әлсіздендіреді", - дейді диетолог.
Сондай-ақ, кальций, магний және басқа да минералдардың сіңу процесіне кофе де теріс әсер етеді. Диетолог оны тамақтанар алдында немесе одан кейін ішуге кеңес береді. Сонымен қатар, кофені көп ішу дегидратацияға әкелуі мүмкін. Сондықтан бір шыны кофе ішкенде, кем дегенде бір стакан су ішу керек.
Маргарита Королева сүйекке газдалған, әсіресе, тәтті сусындар зиян екенін атап өтті. Оның айтуынша, олар остеопорозға әкелуі мүмкін. Өйткені құрамында ортофосфор қышқылы бар, ол асқазан-ішек жолдары мен тістерге де зақым келтіреді. Сонымен қатар, тіпті аз мөлшердегі тәтті газдалған сусын бүйрек жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через