фото: Prosports.kz
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады
Су добынан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.
Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы матчін Сингапур командасына қарсы өткізді. Кездесу 12:6 есебімен отандық спортшылардың жеңісімен аяқталды.
Қазақстандықтар, әсіресе, бірінші және төртінші кезеңде жақсы ойын көрсетті. Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір күміс, үш қола иеленді.
Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин мен Эсмигул Куюлова қола жүлдесіне ие болды. Үшінші қоланы нысана көздеуден Николай Чирюкин жеңіп алды.
Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.
Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через