Студент үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің формуласын ойлап тапты

Студент үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің формуласын ойлап тапты
фото: https://sputnik.kz

Студент үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің формуласын ойлап тапты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ІІ курс студенті үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің жаңа формуласын ойлап тапты, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.

Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Бек Мұсабековтың математика саласына қызығушылығы мектеп қабырғасында оянған. Талантты жас квадрат және куб әдістерімен формулаларды 9-шы сыныпта алғаш рет ойлап тапты.

Бүгінде жас ғалымның қоржынында 33 түрлі формула бар. Дарынды студент алдағы уақытта өз еңбегін патенттеп, шәкірт тәрбиелеуді армандайды.

"Түбір астынан жуықтап табу" амалын баған және квадрат арқылы шешу де – оның мектептегі еңбегінің жемісі. Нақты ғылымға қызыққан студент ізденімпаздығының арқасында үлкен сандарды калькулятордың көмегінсіз есептеуге болатын формула жасап шығарды.

Мәтіндегі ақпарат туралы