«Страндж-2023» турнирі: Ерасыл Таңқай қарсыласын нокаутпен жеңді

«Страндж-2023» турнирі: Ерасыл Таңқай қарсыласын нокаутпен жеңді

       Қазақстандық Ерасыл Таңқай Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Страндж-2023» турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.

 

       Ел құрамасынан бірінші болып рингке шыққан ол, 60 келі салмақта италиялық Даниэле Салерномен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Екінші және үшінші раундтарда Италия боксшысын нокдаунға да жіберген еді.

       Осылайша ол жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.

       Мамандар арасында «Страндж» турнирі кіші әлем чемпионаты ретінде бағаланады.

       Халықаралық турнир 19-27 ақпан аралығында өтеді.

       Былғары қолғап бәсекесі 1950 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған турнир 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналады.

       Былтыр аталған турнирде қазақстандық боксшылар 17 медальмен (4 алтын, 4 күміс, 9 қола) жалпыкомандалық есепте екінші орын алған еді.

       ҚазАқпарат