фото: sputnik.kz
Қаладағы жылу электр орталығы жылу энергиясын өндіруді азайтты
Степногорск қаласында жарық пен жылудың өшуіне байланысты тексеру басталды, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше "KEGOC" АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтты. Жылу электр орталығында технологиялық бұзушылық жоқ.
"Бұл факті бойынша энергетика министрлігінің ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастады", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через