фото: ШҚО Полиция департаменті
Күршім ауданында, Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдары арасында қышқыл құйылған жүк көлігі аударылды.
Аймақтық коммуникациялар қызметінің дерегі бойынша, көлік апатқа ұшырауы салдарынан 20 тонна күкірт қышқылы төгілген.
ШҚО Санитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқиға орнынан ластанған топырақ алынып тасталатынын хабарлады.
Жақын маңдағы бұлақ шамамен бес шақырым жерде орналасқан.
Әкімдіктің сөзінше, жергілікті тұрғындар бұлақты пайдаланбайды. Соған қарамастан мамандар қышқыл төгілуі салдарынан бұлақтың ластанған әлде ластанбағанын анықтау үшін судан сынама алды.
Дереккөз YK-news.kz. Фото ШҚО Полиция департаменті
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через