фото: bangkokbook.ru
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде спортшылар арасында допинг қолдану неге жиілеп кеткенін айтты
«Бүгінде біздің спортшыларды Алматыдағы Спорттық медицина орталығы сүйемелдейді. Біздің облыста спорт-дене-шынықтыру диспансерлері бар. Өкінішке қарай, өңірде мұндай орталық жоқ екенін айту керек. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп осындай орталықтарды ашсақ деген жоспарымыз бар», - деді министр.
Оның сөзінше, кейінгі үш жылда 133 қазақстандық спортшының допинг дауына іліккен.
«Оның 93-і жазғы Олимпиада спорт түрінің өкілі. Бұл 93-тің 45-і ауыр атлеттеріміз. Соларға жеке тоқталғым келеді. 2020 жылы допинг дауына іліккен ауыр атлеттердің саны бесеу, 2022 жылы 10 болса, биылдың өзінде ғана 30 атлеттің допинг қолданғаны дәлелденді», - деді Ермек Маржықпаев.
МИнистрдің айтуынша, бұл біз үшін үлкен жара. Өйткені бірінші, екінші, үшінші санаттағы құрама команда түгел шеттетілген. Сонда қазір базалық құраманың рөлін жасөспірімдер атқаруға мәжбүр. Яғни, жағдай жақсы емес.
Қазір допингке қарсы орталықпен бірге тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, интернет арқылы спорттық тағамға тапсырыс беру оңай. Спортшылардың көбі осындай тапсырыспен сапасыз тағамға ұрынып қалып жатады. Яғни, допингке саналы түрде бармайтындары да бар. Тіпті интернет пен дәріхананы қойып базардан да сатып алатындар бар. Бұл жұмысты жүйелеп, заңнаманы тағы жетілдіру керек. Өйткен өте көп спортшымыздан айырылып жатырмыз», - деді Ермек Маржықпаев.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через