фото: El.kz
Депутаттың сөзінше, халықтың әл-ауқаты төмендеп, төлем қабілеті азайып бара жатқандығына қарамастан, Үкімет коммуналдық саланың тарифін өсірді.
Азаматтардың төлем қабілетінің төмендігіне байланысты, азаматтар жылына коммуналдық төлемдерге 15 млрд теңге қарыз болып қалады! Үкімет «Тарифке инвестиция айырбас» принципін жүзеге асырғанда, халықтың қалтасының жұтаңдығы ескерілуі тиіс. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын төленеді, әр тоқсанға орташа есеппен 20 мың теңге. Оның өзін нағыз мұқтаж адамдар ала алмайды. Өйткені бұл өтемді алу үшін өзіңнің меншік үйің немесе мемлекеттен жалға алынған үйің болуы тиіс. Ондаған құжат толтыру керек, - деді депутат.
Ерлан Саиров үй-күйі жоқ, пәтер жалдап жүрген, біреудің ауласын жағалап жүрген, ондаған мың нағыз мұқтаж азамат мемлекеттің көмегінің жұрнағын да көрмейтінін айтты. Сөзінше, олар мүлдем мемлекеттің есебінде жоқ – тарифтердің өсуінен қиналатын өтемақыға ең зәру осы кісілер.
Клебанов тәрізділердің бизнесі жүрмей қалды деп, «сіңір кедейлерді» қанай беру күпіршілік болады. Үкімет «Тарифке инвестиция айырбас» реформасы кезінде маңызды мәселеге назар аударуы қажет - деді ол.
Осы орайда депутат Үкіметке бірқатар ұсыныс айтты:
Тарифтердің қымбаттауына байланысты төлемақының сомасын арттыру;
Бұл төлемақыны нағыз мұқтаж, қалада өзінің баспанасы жоқ, квартира жалдап тұратын азаматтардың алуына нормативтік тетіктер жасау;
Баспанасы жоқ, квартира жағалап жүрген азаматтарды статистика мәліметтеріне енгізіп, олардың әлеуметтік жағдайына мониторинг жасайтын әдістеме енгізу;
Бүгінде квартира жалдап, саяжайларда тұрып жатқан азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік гарантия алуының жүйесін жасау;
Олар біздің азаматтарымыз! Бұл азаматтар бүгін бір де бір статистика мәліметтерінде тіркелмеген, яғни ол адамдар мемлекеттің есеп санатында мүлдем жоқ;
Аталған санат азаматтарға көңіл аудармау ертең терең әлеуметтік, саяси тәуекелге алып келуі ықтимал;
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через