Шетелдік компаниялар Қазақстанның қай өңірлеріне инвестиция салады

Шетелдік компаниялар Қазақстанның қай өңірлеріне инвестиция салады

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 миллиард долларды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (23,8 миллиард доллар) 17,7%-ке артық.

"Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы бұл көрсеткіш $28,9 миллиард долларға жетті", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Республикаға салынған инвестиция көлемі бойынша Нидерланды – 8,33 миллиард доллар (өсім 19,7%), АҚШ – 5,1 миллиард доллар (+81,9%), Швейцария – 2,8 миллиард доллар (+2,4%), Бельгия – 1,56 миллиард доллар (+46%), Ресей – 1,52 миллиард доллар (-19,7%) көш бастап тұр.

Қай өңірлерге құйылған инвестиция көлемі көп

Өңірлер арасында Атырау облысы – 8,2 миллиард доллар (+48%) және мегаполистер: Алматы – 7,57 миллиард доллар (+11%), Астана – 2,25 миллиард доллар (екі есе өсім) көш бастап тұр.

Шығыс Қазақстан облысына 2,2 миллиард доллар (+3%), Батыс Қазақстан облысына 1,12 миллиард доллар (+7%), Алматы облысына 698,2 миллион доллар (+47%) тартылды.

Қазақпарат