Семейде трансформатор өртеніп кетті

Семейде трансформатор өртеніп кетті
фото: sputnik.kz

Семей қаласының орталығында трансформатордан өрт шықты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

12 шілдеде сағат 11.00 шамасында Уәлиханов көшесіндегі трансформатор жанған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жетті.

"Трансформаторлық қосалқы станцияда қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомство.

Мамандар өрт электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаннан шықты деп болжап отыр.

Қазақпарат