Қалпына келтіруге ондаған жыл керек. Абай облысында өртке оранған орманды қалыпқа келтіруге қанша уақыт кететініне қатысты жауап берген Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова осылай мәлімдеді.
«Қазір шамамен 60 мың гектар деп айтып жатырмыз. Бұл жерде өрттің оқшауланғанға дейінгі аумағын айтып отырмыз. Ал орманды қалыпқа келтіруге қанша уақыт кетеді? Өрттен кейін қызметтік тексеріс жүреді. Алғашқы кезеңде жанған аумақты тазарту жұмыстары атқарылады. Оған шамамен 3-4 жыл кетеді. Орманды қайта қалпына келтіру - өте күрделі іс. Ол үшін ондаған жыл керек», - деп жауап берді министр журналистердің сауалына орай.
Еске сала кетейік, Семей табиғи резерватында қызыл жалын 8 маусым күні өрт шыұты.
Оттың таралуы тоқтатылды, алайда толығымен өшіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Тілсіз жаудан 14 орманшы қаза тапты.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через