Шекарадан өткенде сауалнаманы QR код арқылы толтырасыз
Ресейден Қазақстанға қайтар жолдағы шекарада біздің елге қарай өткендерге сауалнама толтыруды сынақтан өткіздім,-деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі парақшасында. Бір айта кетерлегі осы уақытқа дейін сауалнамалар қағазға толтырылып келді. Енді мұндайға жол берілмейді. Қызметкерлер күн сайын жүйеге 1000 қағаз сауалнаманың мәліметтерін қолмен енгізеді екен. Біз оны сандық форматқа ауыстырамыз. Қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ, тек QR кодын сканерлеп, смартфоннан сауалнаманы толтырыңыз.
Веб-ресурс қолжетімді, онда тұтынушы сауалнаманы алдын-ала толтырады.
Мұндай қызметтер Еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылды. Тек QR-кодты сканерлеп, сауалнаманы толтырып, өтіп кетесіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через