фото: ашық көздерден
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ санатында рейтингін жақсартты. "Сапалы Қазақстан" порталы бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.
Еске сала кетсек, өткен демалыс күндері Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Кештің басты айқасында Леон Эдвардс Колби Ковингтонды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.
Кейін Ш.Рахмонов пен оның қарсыласының турнирдегі табысы жария етілді.
Шавкат Рахмонов 1994 жылы 23 қазанда Өзбекстанның Сурхандария облысында дүниеге келген. Шавкаттың шын аты – Рахманов, бірақ АХАЖ қате жіберіп, құжатты дұрыс толтырмаған. Спортшының ұлты қазақ, бірақ Өзбекстанда туған, сондықтан фамилиясындағы «о» жиі «а» әрпімен ауыстырылады.
16 жасында жігіт ата-анасымен Алматыға көшіп келді. Рахмонов Өзбекстанда тұрып, оқығанына қарамастан, қазақпын деп үнемі айтып жүреді.
Боксшының өзінің мәлім еткеніндей, жас кезінде төбелескенді жақсы көріп, бұзақы болған. Шавкатқа қатарластары жұдырықтасуды ұсынғанда ол ешқашан бас тартқан емес. Көше төбелестері күрескер мінезін шыңдай түсті. Оның үстіне, Рахмоновтың өзі де қарсыластарының жасынан қымсынбады – ол өзінен әлдеқайда үлкен жігіттермен жекпе-жекке шығуға дайын болды. Көбінесе Шавкат жеңді, бірақ жеңіліс те болды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через