фото: https://massaget.kz
Шашты күріш суымен жуудың пайдасы қандай?
Шашты күріш суымен жуу ТикТокта танымал болған жаңа сұлулық үрдісіне айналды. Бұл әдісті рэпер Карди В сияқты шаш күтімінің нағыз фанаттары да қолданады деген сөз бар.
Күріш суы бас терісімен қатар шашты нығайтып, жұмсартады екен. Күріш суын жасау үшін күріштің үстіне бір стақан қайнаған су құю керек немесе сүзгіден өткізер алдын оны 24 сағат бойы суға салып қойыңыз. Шашыңызды алынған сұйықтықпен шайып, 30 минутқа қалдырыңыз, содан кейін шашыңызды сусабынмен жуыңыз.
Шашты нығайтудың бұл әдісі бізге Жапониядан келді: Хэйан дәуірінің сарай ханымдары шаштарын күріш суымен жуды, ал олардың қалың шаштары еденге дерлік жететін. Сонымен қатар, «күріш» процедуралары Кореяда да танымал: корей әйелдері күріш суымен бетін жууды жақсы көреді, өйткені ол теріні ылғалдандырып қана қоймай, сонымен қатар оны ағартады. Күріш суы шашты нәрлендіретін және жылтырататын дәрумендер мен минералдарға бай. «Күріштің құрамында шаш протеині саналатын цистеин амин қышқылының аз мөлшері бар, сондықтан ол шашты қалпына келтіруге көмектеседі», - дейді сұлулық саласфндағы химик маман Джинджер Кинг. Күріш суының құрамында әлсіреген шашты қалпына келтіруге көмектесетін инозит бар екені белгілі. Бұл компоненттер бас терісін сау ұстауға қосымша көмек береді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через