Сарғайған пластик терезенің жақтауын шаш бояуы ағартады

Сарғайған пластик терезенің жақтауын шаш бояуы ағартады
фото: knopka.kz

Түсі кеткен пластикті үй жағдайында бастапқы қалпына келтіріп, оп-оңай ағартып алуға болады. 

Қазір пластик өте көп жерде пайдаланылады. Терезе алды, терезе, төбеге, тіпті қабырғаға дейін пластик қойып жатыр. Бірақ біршама уақыттан кейін әдемі өңі сарғайып түсі өзгеріп кетеді. Алайда түсі кеткен пластикті үй жағдайында бастапқы қалпына келтіріп, оп-оңай ағартып алуға болады. 

Пластикті ағарту кезінде нені ескеру керек 

Қол терісін қорғау үшін резина қолғап киіңіз. 

Пластикті тазартып болған соң тазартқыш қоспаны сулы шүберекпен жақсылап сүртіп алған жөн. 

Болмаса қалдығы одан бетер ағартып, айғыз із қалдыруы мүмкін. 

Егер пластиктің суреті болса, онда оған тазартқыш қоспаларды пайдаланғанда мұқият болу керек. 

Тазартқыш қоспа суретті өшіріп жіберуі мүмкін. 

«Димексид» көмегімен ағарту 

Қажетті заттар: 

Дәріханада сатылатын «Димексид» (диметилсульфоксид) ерітіндісі 

Резеңке қолғап 

Мақталы диск немесе сорғыш 

Ыдыс жууға арналған сорғыш және таза шүберек 

Қалай дайындау керек 

Қолыңызға қолғап киіп, мақталы дискке азырақ «димексид» құйып сарғайған пластикті ысқылаңыз. Өзіңіз қалаған ақ түске жеткенше тазартыңыз. Негізі ол үшін 5-10 секунд жетеді. Кейін сулы шүберекпен жақсылап сүртіп алыңыз. Егер үлкен көлемді жерді ағартатын болсаңыз, онда бірнеше бөлікке бөліп, шетінен тазартып, бетін бірден сулы шүберекпен сүртіп алып отырыңыз. Егер «димексид» плстик бетінде ұзағырақ қалып қойса, онда оны «жеп» қояды. 

Шашқа арналған бояу да жақсы ағартады 

Шашқа арналған бояу ішіндегі тотықтырғыш (окислитель) сарғайған пластикті қалпына келтіруге көмектеседі. Ол үшін тотықтырғышты пластик немесе шыны ыдысқа құйып, шүберекті батырып алыңыз. Тотықтырғышқа батқан шүберекті сарғайған жерге қойып, ағарғанша қалдырыңыз. Оған шамамен 5-15 минут уақыт кетеді. Кейін бетін сулы шүберекпен сүртіп тазартып алыңыз. Ал тотықтырғышқа малынған шүеректі сол мезетте екінші мәрте қайта пайдалануға болады.

 Сабын мен тіс пастасы 

Кірсабынды қсақ көзді үккіштен өткізіп, стақанға жарты етіп салыңыз. Үстіне бетінен шамалы асыра жылы су құйып, жақсылап араластырып алыңыз. Қоспа қою кілегей секілді болуы керек. Егер қоспа сұйық болып қалса үстіне тағы үккіштен өткізілген сабын қосыңыз. Қою қоспаны сарғайған жерге жағып, бетіне тіс пастасын ұзын етіп сығып алыңыз. Сорғыш көмегімен тіс пастасын біркелкі етіп жағып 15-20 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң сулы шүберекпен сүртіп тазартып алыңыз. 

Сіркесу 

70-80 пайыздық сіркесу,а сорғышты батырып, пластик ақ түске енгенше ысқылаңыз. Кейін таза шүберекпен сүртіп алыңыз. Ескеру: Пластик бетін қалай ағартып тазартатын болсаңыз да қолыңызға міндетті түрде қолғап киіңіз

ERNUR.KZ