фото: censor.net.ru
Қытайда жапалақтап жауған ақ ұлпа көлік қозғалысын шектеп, білім ұйымдарының жұмысын уақытша тоқтатты.
Ал Солтүстік Каролинада боран соғып, елдің шығыс бөлігін қар басты. АҚШ-тың Теннесси штаты торнадодан кейін әлі қалпына келер емес. Құтқару бригадасы бұл жұмысқа білек сыбана кіріскен.
Қытайдың солтүстігіне қалың қар түсіп, қозғалыс шектелді. Көктайғақ салдарынан көліктер кептелісте қалып, 95 автомагистральде жол жабылды. Темір жол қатынасы тоқтап, 192 рейс кейінге шегерілді. Әуе рейстеріне де әзірге тыйым салынған. ХэнАнь қаласында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Мұнан бөлек 3 аймақ білім ұйымдары мен балабақшаларда жұмысын уақытша тоқтатқан.
Құтқарушылар қаланы қалпына келтіріп жатыр.
Ал АҚШ-тың Теннесси штатында торнадодан кейін аймақты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Электр желісі үзілген елді-мекендерге жарық беріле бастады. Құтқару бригадалары үйінділерді аршып, жоғалған адамдарды іздестіруге кіріскен. Табиғи апат салдарынан қонысынан айырылғандарға мектеп жанынан уақытша баспана құрылған. Билік жапа шеккен тұрғындарды сонда көшіріп жатыр.
Еске салайын, 2 күн бұрын КлАрксвилл қаласында алапат дауыл соғып, 6 адам көз жұмған еді. Желдің екпіні 240 шақырымға дейін жеткен. Қазір мұнда төтенше жағдай енгізілді.
Мектептер жұмысын тоқтатты
Солтүстік Каролинаның шығыс аумағында боран соғып, қалың қар түсті. Қолайсыз ауа райы білім ұйымдарының жұмысына кедергі келтіріп тұр. Әзірге мектептердің қашан ашылатыны белгісіз. Бірақ метереологтар алдағы күндері күн ашық болады деп болжайды.
Вашингтонда қысқы маусым басталғалы алғашқы қар жауды. Бұл көріністі тұрғындар бейнетаспаға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге жүктеген. Синоптиктер Колумбия аймағының өзге де өңірлеріне қалың қар түседі деп болжап отыр.
Ақпарат дереккөзі:24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через