2000 жылдан аса тарихы бар көне Тараз қаласы алдағы уақытта оңтүстік және солтүстік аумақ болып екіге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысының əкімі Нұржан Нұржігітов Тараздың 11 округ тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты.
Қаланың Бас жоспарына түзетулер енгізілген соң ауылда тұратын 44 551 халық қала тұрғынына айналады. Тараз қаласындағы халық саны 408 235 болып, қала аумағы 11 755 гектарға ұлғаяды. Солай жалпы ауданы 30 542 гектарды құрайды.
Жоба жүзеге асқанда Таразда сәйкесінше, бір қала әкімі, екі аудан әкімі болады. Сонда көне шаһардағы әлеуметтік мәселелерді шешу де жеңілдей түседі. Біздің бұл бастамамызға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді, - деді жұртшылықпен жүздесуде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.
BAQ.KZ
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через