Сапасыз білім беретін университет жабылады

Сапасыз білім беретін университет жабылады

        Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында білім беру мәселелеріне, соның ішінде жоғары білім беру сапасына басты назар аударды. Қазіргі кезде елімізде білім беру саласын дамыту бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде.

       Осы орайда білім саласындағы өзгерістер туралы, нақтырақ айтсақ, ЖОО студенттерінің шәкіртақысы, сапасыз білім беру ұйымдарын жабу мен студенттердің жұмысқа орналасуы жөнінде толығырақ Standard.kz порталында

       Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бəсекеге қабілетті маман даярлау. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының қызметін тоқтату бойынша жұмыс жүргізуде. Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша, соңғы екі жылда ЖОО-ның саны 15-ке қысқарған. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, тағы оқыту сапасы нашар 65 ЖОО-дан 500-ден астам лицензия кері қайтарылған. Сондай-ақ 30 колледж жұмысын тоқтатып, тиісті деңгейде білім бермеген мамандықтар бойынша 2000 лицензия министрлікке қайтарылған.

      Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университет сапасын анықтайтын ұлттық электронды база бар екендігін атап  өткен болатын.

      «Базаға әр университет өздерінің дербес көрсеткіштерін жазып береді. Оны біз жазбаймыз. Біз тек қана сол көрсеткіштерді зерделеп қараймыз. Осы нәтижелерді назарға алып, тәуекелдер бар екенін білгеннен кейін, оны арнайы тексереді.