фото: https://baq.kz
Шанхай тұрғындары шектеулерге қарсы
Қытайдың Шанхай қаласында тұрғындар COVID-ке қарсы шектеулерге байланысты үйінде қамалып отыр, көпшілігі дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін сыртқа шыға алмайды.
Желіде жарияланған видеодан тұрғындардың карантинге наразылық білдіріп, көпқабатты үйлердің терезесінен айғайлап жатқанын естуге болады.
Бірқатар жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, адамдар қатаң локдаунның салдарынан сыртқы әлеммен байланысын үзді: оларға үйден шығуға тыйым салынған, ал азық-түлікті еріктілер жеткізіп беруде. Алайда тапсырыстың көптігіне байланысты олар үлгере алмай жатыр, көптеген тұрғын тамақсыз қалды. Сонымен қатар халықтың қажетті дәрі-дәрмекті сатып алуға мүмкіндігі жоқ.
Шектеулер әсіресе қарт адамдарға қиын соғып тұр, олар гаджетпен тамаққа тапсырыс беруді білмейді.
Эпидемияға қарсы мұндай қатаң шаралар Шанхай тұрғындарының наразылығын тудырды.
Қытай өткен тәулікте коронавирустың таралуы бойынша антирекордты жаңартты. Жексенбіде коронавирус инфекциясы 27 595 адамнан анықталды. Олардың көпшілігі – Шанхай тұрғындары.
24,9 миллион адам тұратын мегаполис билігі коронавирус инфекциясының қайтадан өршуіне байланысты 28 наурыздан бастап локдаун енгізді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через