фото: kaz.nur.kz
7 спортшы апарып, 7 медаль жеңіп алдық.
Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Риад қаласында Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары басталды. Жарыстың алғашқы күндері самбодан медальдар жиынтығы сарапқа салынған еді. Ұлттық командамыз өте сәтті өнер көрсетіп, 7 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, ауыр салмақтағы Темірлан Көлбай финалда сербиялық Владимир Гаичті жеңіп, алтын жүлдегер атанды. Айта кету керек, Темірлан спорттың осы түрінен Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында топ жарған тұңғыш қазақ саналады. Ал жауынгерлік самбода қазақстандық Асқар Абдулла финалға дейін жетіп, соңғы сында ғана есе жіберді. Қола жүлдені Сағыныш Әліпбай, Еламан Қойшыбаев және Әділбек Сейісов есімді жерлесіміз жеңіп алды. Артынша Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова аралас командалық сында жүлдегерлер қатарынан табылды. Олар Азия мен Тынық мұхиты аймағынан жасақталған командада сынға түсіп, күміс жүлде жеңіп алды.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через