фото: Prosports.kz
Таиланд астанасы Бангкокта садақ атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Классикалық я болмаса олимпиадалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанып, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді. Команда сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко сынға түсті. Алтын Оңтүстік Кореяның, қола Индонезияның еншісінде. Ұлттық құрама финалға жетер жолда Жапония, Үндістан мен Қытайдың Тайпэй құрамасынан басым түсті.
Қазақстан былтыр олимпия ойындарына іріктеу жүйесі жаңартылған соң, жолдамаға иелік еткен алғашқы ел атанды. Себебі, құрлық чемпионы атанған Оңтүстік Корея Парижге баратын мүмкіндікке Ханчжоудағы Азия ойындарында ие болған.
Жалпы қазақстандық садақ атушылар 1996 жылдан бері тұрақты түрде төрт жылдықтың басты бәсекесінен сырт қалған емес. Ал 2021 жылы Токиода ерлер құрамасы толық құрамда бақ сынаған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через